Абай облысында кенші мерт болды

20 Қыркүйек, 00:18 467

Оқыс оқиға 19 қыркүйекте шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кезінде кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алды. Алдын - ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. 
KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді,-делінген тау-кен компаниясының мәліметінде.

Облыстық ПД абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. 

Перизат Саденова
Бөлісу: