Абай облысында картоп бағасы бақылауда

Кеше, 22:35 130

Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

 «Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС - мен картоп, қырыққабат, сәбіз,  сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.

Ережеге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден жолдануда.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.

Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: