Абай облысында есірткі шөптерін өсірген бақша иесі ұсталды

6 Шілде 2023, 12:21 952

Абай облысында жершілікті тұрғынның өз үйініің бақшасында тыйым салынған есірткілік шөптерді өсіргені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер ауыл тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркілегенін атады. 

22 маусымда "Қарасора-2023" арнайы іс-шарасын өткізу барысында Абай облысының полиция қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру дерегін анықтады. Старая Крепость ауылында полиция қызметкерлері қоршалған арнайы плантацияны тапты. Тексеру барысында 39 жастағы көкөніс бақшасының иесін анықтады. Қазіргі уақытта тексеру бойынша тиісті жайттар анықталуда, - деп жазылған өңірлік ПД таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: