Абай облысында екі ауыл таратылады

31 Шілде 2023, 11:44 1385

Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

«Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;

- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде.

Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: