Абай облысында балалардың қысқы демалысы ұйымдастырылды

Кеше, 05:20 309

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Семей қаласы мен Бородулиха ауданынан 155 бала қатысты.

Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілді. Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Мұнан соң жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен "Бейбітшілік" аралына саяхат жасады. Бұдан бөлек балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. 
 
Қала әкімдігі іс-шара мақсаты жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлай отырып, қысқы демалысты көңілді өткізуге мүмкіндік беру екенін атап өтті.

Асқар Таудай
Бөлісу: