Абай облысында ауылдарды су басып жатыр

12 Ақпан, 11:00 1010

Абай облысында 11 ақпанда таулы беткейлерден қардың көп еруі себебінен көше бойында орналасқан арықтар еріген суға толды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі «Көк Кемер» қыстауындағы 5 аула учаскесін және Ақсуат ауданының Қызыл-Кесік ауылындағы 7 аула учаскесін су басқанын мәлімдеді.

Арықты мұз кептелістерінен тазарту жұмыстары мен инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су басқан жерлерде Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқару органдарының 30-ға жуық адамы және 7 техника, 4 мотопомпа жұмыс атқаруда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: