Абай облысында аурухана медициналық құрал-жабдықтармен қамтылды

Бүгiн, 04:36 234

Абай облысында Бесқарағай аудандық ауруханасына заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа жабдықтар тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

Алынған құрал-жабдықтардың қатарында Versana Premier диагностикалық ультрадыбыстық жүйесі, импедансометрия және аудиологиялық скринингке арналған AudioSmart жүйесі, көз алмасының алдыңғы бөлігін зерттеуге арналған S260S маркалы жарық шамы бар. Флюорографиялық техника да жаңартылды. Цифрлық құрылғының жаңа үлгісі ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тиімді диагностика мен алдын алу үшін маңызды.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасы аясында биыл төрт дәрігерлік амбулатория, алты медициналық пункт пен бір фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды.

Бұл шаралардың барлығы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: