Абай облысында «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды

10 Тамыз, 21:39 512

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында бірнеше нысандарды аралап, бүгінгі жағдайымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, аймақ басшысы «Қарауыл-Архат» бағытындағы 10 шақырым кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер – «Дерикар» ЖШС. Жұмысты 2024 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының ашылу салтанатына қатысты. Стелланы жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев жасаған. Стелладағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткерлігін танытады. Сонымен қатар, стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен тұлғаларының ұлылығын білдіреді.

Айта кетейік, стелла «Нұр Астық Kz» ЖШС демеушілігімен тұрғызылды.

Зарина Арман
Бөлісу: