Абай облысы ️Жарма ауданында 30 отбасыға жаңа үйлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жарма ауданында жаңадан салынған тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Жалпы аудан бойынша "Қуатты Өңірлер ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында Қалбатау ауылында Искакова көшесінде 25 үй немесе 50 пәтер және Достық көшесінде 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй, Шар қаласында 5 үй немесе 10 пәтер пайдалануға берілген.