Абай облысында 23 келіден аса марихуана тәркіленді

30 Мамыр, 18:21 546

Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау жағдайын тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Омбы – Майқапшағай тас жолында жедел ақпарат бойынша полицейлер ВАЗ 21060 автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларымен тінту барысында артқы орындықта ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар екі полимерлі пакет, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақты заты бар полимерлі пакеті бар сөмке табылды.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, көлік құралын тінту кезінде алынған есірткі құралдары – 2 келі 006 гр, ал кептірілген марихуана – 23 келі 497 гр, - делінген хабарламада.  

ВАЗ жүргізушісі Абай облысының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктінің өзі айтқандай, ол тыйым салынған тауарды Шу қаласынан алып келді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтаудамыз, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.


Ажар Лаубаева
Бөлісу: