Абай облысында 15 тонна шөп өртенді

24 Қараша, 17:17 364

Абай облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақсуат ауданы Сәтпаев ауылы Байзақов көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің аумағында шаруашылық құрылысы мен 15 тонна шөп жанды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт 120 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: