Биылғы қыркүйек айына дейін Абай облысындағы интернет жылдамдығы төмен барлық мектеп STARLINK технологиясына қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, облыста 302 жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік, 4 арнайы интернат, 3 облыстық мектеп бар, олардың барлығы 100% интернет желісіне қосылумен қамтамасыз етілген.
Starlink технологиясына қосылу үшін облыста төмен жылдамдықтағы 133 мектеп анықталды. Абай ауданы – 5, Аягөз – 10, Бесқарағай – 16, Бородулиха – 23, Жарма – 23, Көкпекті – 13, Ақсуат – 9, Семей қаласы – 4, Үржар – 29. Осы мектептерде жергілікті желіні жүргізу жоспарлануда, - делінген мәліметте.
Нәтижесінде интернет жылдамдығы орта есеппен 150 МегаБит/секундқа дейін артады.