Абай облысында 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

22 Қыркүйек 2023, 22:48 864

Биыл облысқа пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер қайтарылып, жалпы көлемі 387,9 мың гектарды құрайтын 348 жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Тапсырманы тиімді жүзеге асыру үшін Абай облысының әкімдігі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық шағын топ құрды.

Барлық анықталған фактілер заңнамада көзделген қажетті шараларды іске асыру үшін Абай облысының жер ресурстарын басқару басқармасына жіберілді.

Қайтарылған жер телімдерін жергілікті атқарушы органдар заңға сәйкес ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін бөлетін болады.

Берік Арманов
Бөлісу: