Абай облысында 100-ден астам көлік қар құрсауында қалды

16 Ақпан, 09:00 666

Соңғы 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автомобиль жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автомобильдер кептелісі пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Көліктердің жалпы саны 100 жеңіл, 15 жүк және 1 автобус.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмайды.

Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Қазіргі уақытта құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмек қажет емес, - делінген мәліметте.

Семей қаласынан 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: