Абай облысы аумағында қардың қалыңдығы бір метрден асты

5 Наурыз, 00:37 783

Абай облысында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысы өтіп, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, ТЖД, «Қазгидромет» РМК өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отырыс барысында 2024 жылғы су тасқынына қарсы іс-шаралар дайындығы, сондай-ақ көктемгі кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2024 жылғы 29 ақпандағы деректерге сәйкес облыстың үш ауданында жер тоңының қалыңдығы 100 см-ден асуы: Бородулиха – 117 см, Абай – 116 см, Бесқарағай – 160 см тіркелді. Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында биыл қар екі есе көп жауғанын атап өткен жөн.

Өзендердің бойында орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ертіс өзенінде жарылыс жұмыстарын уақтылы жүргізуге дайындық басталып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментіне қала және аудан әкімдерімен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Барлық қауіпті аумақтарды анықтап, су тасқынын болдырмау және алдын алу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Біздің басты мақсатымыз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, қала және аудан әкімдері су тасқыны қауіпі бар барлық объектілерге мониторинг жүргізіп, тиісті шара қабылдап, су тасқынын алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс көлемінде көктемгі су тасқынына қарсы жедел ден қою үшін 1285 адам және 460 бірлік техника, 11 жүзу құралы, 161 су құрылғысы дайындалды. Төтенше жағдайлар кезінде адамдарды эвакуациялау үшін облыс аумағында 4400 орындық 37 уақытша орналастыру пункті анықталды.

Бұдан бөлек, «Қазсушар» РМК су деңгейіне тұрақты бақылау, су қоймаларын толтыру және іске қосу қолға алынған. Су шаруашылығы нысандарында тұрақты телефон байланысы орнатылды. Өңірде жол, аула, көшелерді қардан тазалау, сондай-ақ қорғаныс бөгеттерін күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: