Абай Бегейдің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

12 Қыркүйек 2023, 10:37 2366

Әнші Абай Бегейдің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Әртіс бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақ елі, сүйінші! Ұлымның жаңалығын бөлісіп қояйын. Алда отбасымызда ұлан-асыр той. Бұйыртса, тума-туыс, дос-жаран, барлық жақынымызды тойда күтеміз. Құттықтап қойсаңыздар болады. Аллама шүкір! Ұлым үлкен өмірге қадам басып жатыр, - деп жазды әнші.


instagram.com/abai_begei

Абай Бегейдің оқырмандары да жастарға ақ тілегін жаудырды.

«Сондай жақсы бала екені көрініп тұр, көз тимесін. Бақытты болсын», «Жастар бақытты болсын», Махаббаттары мәңгі болсын», «Құтты болсын, келіндеріңіз сұлу екен», «Ұзағынан сүйіндірсін», - деп жазды желідегі оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)

Өнер иесінің әлеуметтік желіге салған видео, фотоларынан ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәтте жұбайы мен қыздарының жанында болғанын байқауға болады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: