Абай Бегей тұрмысқа шыққан 16 жастағы қызына көлік сыйлады

21 Тамыз, 13:25 2535

16 жасында тұрмысқа шыққан қызының тойында әнші Абай Бегей тосынсый жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қызын әлі күнге дейін жат ұяға қимайтынын жасырмады. 

Өткенің көз алдымда, балдырған қызым. Әкелік жан жылуын бере алдым ба, білмеймін. Мұстафа балам, қызым саған аманат. Маңызды күніңде жаныңнан табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Мен саған ризамын, қызым. Сенің қуанышыңа арнайы тосынсыйым бар, – деген видеоқұттықтаудан кейін Сымбатқа су жаңа көліктің кілті табысталды. 

Қымбат сыйлықты күтпеген қызы әкесіне алғыс білдірді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: