Абай Бегей қызын туған күнімен ерекше құттықтады

8 Қаңтар 2024, 15:33 3067

Отандық әнші Абай Бегей қызын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай Бегей қызы Сымбатты жаңа жасымен ерекше құттықтаған. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Жұлдызды әке қызына түнгі 00:00-де гүл шоғын сыйлап, ақ тілегін жеткізді.

Абай Бегейдің үлкен қызы Ерке де сіңлісіне тосынсый жасау үшін Ақтаудан Алматыға ұшып барған.

Бүгін сіңлім Симбидің туған күніне тосынсый жасап Ақтаудан Алматыға ұшып келдім. Біздің келетінімізді үйдегілерге де айтқызған жоқпын. Симби қуаныштан жылап жіберді, - деп жазды Ерке.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: