Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры мерейтойын атап өтті

1 Желтоқсан, 00:06 813

Биыл Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрына 90 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында театр ұлттық өнердің өркендеуіне зор үлес қосып, көрермендерін тың туындылармен қуантып, талай сахна шеберлерінің шығармашылық жолын ашқан киелі мекенге айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер ордасы қазақ театрларының алғашқыларының бірі. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен Ойқұдық жайлауында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.

Мерейтой аясында бірқатар шаралар өтті.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев театр ұжымы мен барша өнер сүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтап, жаңа автобустың кілтін табыс етті.

Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ғалиақпар Төребаев сынды көрнекті тұлғалар құрған мәдени орталық өңіріміздің рухани құндылығының символына айналды. Театрдың 90 жылдық тарихында өнер саласындағы толағай табыстардың шежіресі жазылды. Мұхтар Әуезов: «Театр – ең ұлы бейнелеу өнерінің бірі» деген екен. Бұл – облысымыздың ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани мақтанышы, ұлттық мәдениеттің жарқын шамшырағы. Ынтымағы жарасқан театр ұжымына шабытты шығармашылық жол, жаңа жарқын табыстар тілеймін! – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.

«Абай театры: тарих толқынында» атты конференцияда театрдың бай тарихи мұрасы, ұлттық мәдениеттегі орны жан-жақты талқыланды. Пленарлық отырыс барысында еліміздің театр мамандары мен абайтанушылар театр, кино өнерінің дамуы, Абай атындағы театрдың қоғамдағы рөлі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ театрдың қалыптасуы мен дамуы, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан үлесі жан-жақты қамтылған «Тарихы терең театр» кітабының тұсауы кесілді.

Мерейтойға орай театрдың 90 жылдық тарихының маңызды кезеңдерін, белгілі өнер қайраткерлерінің шығармашылығын, театрдың ұлттық мәдениеттегі маңызын баяндайтын «Ойқұдықта маздаған театр» деректі фильмі түсірілді.

Салтанатты шара аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтаулары оқылды.

Театрдың 90 жылдығы аясында марапатталған өнерпаздар:

«Еңбек ардагері» медалі: Айдарханова Альмира Муталлапқызы.
 
ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:

Ташкенбаев Нұрбек Адамұлы
Төлеубаев Талғат  Ануарұлы
Обухова Елена Валерьевна
Байгелдин Айдос Күшікпанұлы
Ахметов Ерен Саменұлы
Хасенов Нұржан Қадырғазыұлы
Нұрланова Асель Талғатқызы
Хамитова Алия Әділбекқызы
 
ҚР мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы:

Сыдыков Мырзахан Демесінұлы
Баирова Асем Беймырзақызы
Чинкебаева Нұрбағила
Идрисова Даметкен
Тоймбаева Бақыт Ахметжанқызы
Мұханбетова Шолпан Асқарқызы
Манекина Айжан Базартайқызы
Жидебаева Үміт
Тәшімбетов Айтбек Тазабекұлы
Нұрғамыс Азамат Махмұтұлы
Омашев Бекзат Қайыркешұлы
 
«Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі:

Сыдықов Мырзахан Демесінұлы
Баирова Асем Беймырзақызы
Омашев Бекзат Қайыркешұлы

Зарина Арман
Бөлісу: