Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан жаңа туған перзентіне қандай есім қойғанын айтты

20 Қыркүйек 2023, 10:53 3059

Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан қызына Мәриям деген есім берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндай қуанышты жаңалықпен Абай Асылхан Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Шүкір, әке болдым! 17.09.2023 жылы сағат 18:04-те Асылхан Мәриям Абайқызы дүниеге келді. Қош келдің, қызым!

Жәнел, рахмет, аманатым, Алла разы болсын! Мен сені Аллаһ үшін сүйемін, - деп жазды актер.

instagram.com/abay.asylkhan

Оқи отырыңыз:

Ал Жәнел Мақажан жары Абайға деген ризашылығын білдірді.

Аллаһ ұлық! Сәбиіміз екеуіміздің амандығымызды берген Аллаһыма шексіз де, сансыз мадақтар болсын!

Қазіргі сәт мүлде бөлек: Аллаһыма деген, асыл жарыма деген, өмірге деген көзқарасым одан сайын тереңдегендей...

Сүйем сені! Сендей асылдан туған Мәриямның өмірі жарқын болсын!, - деді актриса.

Айта кетейік, актриса Жәнел Мақажан бірінші күйеуімен жеті жыл бірге тұрып, кейін белгілі бір себептермен ажырасып кеткен болатын. Оның бірінші некесінен бір қызы мен бір ұлы бар. 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: