Абат Айымбетов: Жақсы ойнап, жеңіске жетуге тырысамыз

10 Қыркүйек 2023, 13:46 816

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Солтүстік Ирландияға қарсы ойында ұлттық құрама барын салатынын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Көңіл күй керемет. Жақсы ойнап, жеңіске жетуге тырысамыз. Ойынға дайынбыз. Біздің қазақ халқы күтіп тұрғанда, әрбір ойыншы жан-тәнімен ойнаса, елімізді қуанта аламыз деп ойлаймын, – дейді Абат Айымбетов

Айымбетов өткен ойында соққан есте қаларлық голын да еске алып, бұл кездесуде команда жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салатынына уәде берді.

Асқар Таудай
Бөлісу: