«Ақ жол» партиясы сайлауға қатысуға дайын – депутат

1 Қыркүйек 2022, 15:02 3452

Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді

Президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар болады. Бұл туралы мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды El.kz. 

«Ақ жол» партиясы сайлауға қашан да дайын. Біз сайлаушылардың алдында міндетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай жұмыс емес. Себебі, партияның мүшелері парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз. Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз», - деді депутат. 

Оның айтуынша, партия сайлауға қатысуға дайын. Бірақ оған кімдер қатысатынын анықтау керек.  

Сондай-ақ, «Қасым-Жомарт Тоқаевқа лайықты қарсыластар бола ма?» деген сұраққа былай деп жауап берді. 

«Менің ойымша, болады. Себебі, біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады», - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы. 

Еске сала кетейік, мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа айтқан жолдауында күзде кезектен тыс  Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Миражан Махан
Бөлісу: