Ақтауда әскери оқу-жаттығу өтті

2 Тамыз 2022, 23:08 2007

Сондай-ақ, жаудың диверсиялық күштерін анықтау және шабуылдың салдарын жою эпизодтары пысықталды.

Ақтау гарнизонында корабльдер орналасқан пунктте әуе шабуылына қарсы, корабльдерге қарсы және су асты диверсиясына қарсы қорғанысты ұйымдастыру жөнінде кешенді базалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды EL.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу маневрлеріне Әскери теңіз күштерінің және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысты. 

Оқу-жаттығу Мемлекет басшысының ведомствоаралық үйлестіруді күшейту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында өтті. Эпизодтарды пысықтау кезінде теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальоны мен Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті кемелерінің бірінші дивизион жеке құрамының бірлескен іс-қимылдарына ерекше назар аударылды, – деді әскери-теңіз базасының сүңгуір қайықтарға қарсы күрес және су асты диверсиялық қорғаныс қызметінің бастығы 3-дәрежелі капитан Дархан Омаров.

Корабльдер құрамаларын жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірген соң әртүрлі корабльдер дивизионының жеке құрамы орналасқан пунктте әуе шабуылы құралдарының, корабльдердің және қарсыластың диверсиялық күштерінің шабуылдарына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимыл пысықталды. Жауынгерлер кеме корпусында минаның бар-жоғын тексерді. Сондай-ақ, жаудың диверсиялық күштерін анықтау және шабуылдың салдарын жою эпизодтары пысықталды.

Оқу-жаттығуға жүзден астам әскери қызметші, үш корабль және арнайы техника жұмылдырылды.

EL.KZ
Бөлісу: