Ақтауда жас стартаперлердің байқауы өтті

3 Маусым 2019, 16:56 4738

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Ақтаудың Достық үйінде «Стартап – кәсіптің бастауы» атты жастар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық көрме өтті.

Барлық аудандар мен қалалардан 25 жоба таныстырылды. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Венера Мұстапаева, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әмірғали Жанаев, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» Маңғыстау облыстық филиалының директор орынбасары Халил Тилекуловтан құралған әділқазы мүшелері барлық стартап жобаларымен танысып, өз бағаларын берді.

Комиссияның шешімі бойынша ең үздік 9 жоба іріктеліп алынды.

Олардың қатарында Ақтау қаласы № 29 орта мектеп оқушысы Асыл Ахметтің «Сал балаларға арналған массаж орталығы», Жаңаөзен Білім инновациялық лицейінің оқушысы Нұрсұлтан Жұлдызбекұлының «Автоматтандырылған оқу жүйесі», Қарақия ауданы №4 орта мектеп оқушысы Айгерім Манастың «Велопарк» қызмет көрсету саласы, Түпқараған ауданы «Шахта» орта мектеп оқушысы Жансая Ағдалдың «Ауылым алтын бесігім», Мұнайлы ауданы №5 орта мектеп оқушысы Гүлмира Құдайбергенованың «Арасы жоқ тәтті бал», Мұнайлы ауданы №5 орта мектеп оқушысы Ұлболсын Елюбаеваның «Әуе шарларымен саяхат» және Мұнайлы ауданы №1 орта мектеп оқушысы Айгерім Сейтованың «Қолөнер ұлт мұрасы» жобалары бар. 

Бөлісу: