Ақтауда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде заманауи студенттер жатақханасы пайдалануға берілді

5 Ақпан 2019, 05:42 2222

Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында Ақтау қаласында 210 орындық студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.

Үш қабаттан тұратын жатақхананың күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдың желтоқсанында аяқталып, толық заманауи жиһазбен жабдықталған.

Ашылу шарасында сөз алған облысы әкімі Ералы Тоғжанов: «Студент жастар -   еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан  2019 жыл «Жастар жылы» деп белгіленді. Ел жастарын жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Айталық, жастар мәселесін шешуге арналған «Жол картасы» әзірленетін болады. Ағымдағы жағдай бойынша 21244 колледж студенттерінің 11086-сы ауылдық жердің студенттері, оның ішінде 394 студент жатақханамен қамтылған. Қазіргі таңда жатақханаға қажеттілік 1064 орынды құрайды. Сондықтан біз 2021 жылдың соңына дейін студенттерді 100% жатақханамен қамтуды алдымызға міндететіп қойып отырмыз. Осы орайда Үстіміздегі жылы тағы 460 орындық 2 жатақхананы пайдалануға береміз», - деді.

Мемлекет пен жекеменшік әріптестік шеңберінде қайта қалпына келтірілген жатақхана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат бөлінді, оның 100 млн-ы меценат, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Шамсадин Гусейновтың үлесіне тиесілі.

Әрқабатта тұрмыстық техникалармен жабдықталған ас үйлер, санитарлық торап секциялары (дәретханалар, қолжуғыштар, кіржуу, үтіктеу бөлмелері) бар. Сонымен қатар, жатақханада демалыс бөлмелері, оқу залдары орналасқан. Ғимаратта WI FI сымсыз желісі жүргізілген.

Бөлісу: