АҚТАУДА ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ

4 Қазан 2018, 04:09 1780

3 қазанда Ақтау қаласындағы Достық үйінде кәсіпкерлер-этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған кәсіпкерлер Қауымдастығының алғашқы отырысы өтті.

Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Кәсіпкерлер қауымдастығының филиалдарын ашу және жергілікті кәсіпкерлер-этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелерін тарту туралы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, өткізіліп отыр.

Отырыстың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы болып «Интеграцияланған қауіпсіздік жүйесі» компаниясының директоры  Джамбулат Тангиев сайланды. Төраға орынбасарлары болып ҚХА меценаты Дәметкен Шакенова мен «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Лилия Андреева сайланды.

Бөлісу: