Ақтауда Эко-Хакатон жеңімпаздары анықталды

20 Қыркүйек 2022, 14:42 1159

30-дан астам оқушылар мен студенттер қатысты

Ақтауда қаланың 30-дан астам оқушылары мен студенттері қатысқан Эко-Хакатон – «EcoVision»экологиялық білім беру жобасының финалы өтті. Хакатонда ұсынылған үздік үш эко-идеяның авторлары құнды сыйлықтарға ие болды, ал жеңімпаз жақын арада өз жобасын жүзеге асыру құқығына ие болды, деп хабарлайды El.kz «QazaqGeography»-ге сілтеме жасап.

Эко-Хакатон - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп бастамашылық еткен «EcoBatys»экологиялық шарасы шеңберінде «QazaqGeography» РҚБ жүзеге асыратын «EcoVision» жобасының соңғы бөлігі. Жоба барысында қатысушылар көміртекті бейтараптық тақырыбына арналған онлайн және оффлайн форматтардағы тренингтер сериясын тыңдады.

Жобаның мақсаты - халықтың экологиялық проблемалар, көміртегі бейтараптылығы және оны экологиялық бастамаларға тарту туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Эко-Хакатонның тақырыбы келесідей:«Көміртекті бейтараптық қағидаты бойынша визит-орталықтарын құру». Ұйымдастырушылардың ойынша, таңдаудың осы бағытқа түскені кездейсоқтық емес.

«Біз өзімізге жақын екі бағытты бір бағытқа біріктірдік. Qazaq Geography ғылыми тәсілді пайдалана отырып, экологиялық туризмді және Ұлттық парктердегі инфрақұрылымды дамытумен айналысады. Бұл ретте біз көміртегі бейтараптық идеясын, яғни нөлдік шығарындыларға ұмтылуды қолдаймыз. Болашақта Эко-Хакатонда ұсынылған үздік идея іске асыру құқығына ие болу арқылыжеңімпаз қоршаған ортаны қорғауға нақты үлес қосуға мүмкіндік алады», - деп түсіндіреді жоба жетекшісі, әрі «QazaqGeography» РҚБ менеджері Мадина Кинаятова.

Оның айтуынша, жобаның тиімділігі мультипликативті әсерге ие. Тренингтер сериясынан өткендердің барлығы қазір «жасылойлау» идеяларын көпшілікке жеткізетін эко-амбассадорлар болып табылады.

Эко-Хакатонның жеңімпаздары болып Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері атанды: 1-ші орынды Ришат Дильшат жеңіп алды, ол табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға және материалдарды қайта өңдеуге негізделген болашақтың визит-орталығының өз моделін ұсынды. Сонымен қатар, Дильшат ылғал жинайтын, оны жинақтайтын және жануарлар үшін сусын көзі ретінде қызмет ететін құрылғының макетін модельдеді.

Екінші орынды - Есенкүл Нұрқанат, 3-ші орынды Иманмәди Айсұлу иеленді. Барлық жүлделі орын иегерлері бағалы сыйлықтар алды.

Байқау комиссиясына эко-белсенділер, жеке компаниялардың экологиялық бөлімшелерінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері кірді.

«Мұндай жобалар бізге әлемдегі және елдегі экологиялық ахуалға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді, бірақ олардың арқасында біз қоршаған ортаны қорғау құралдарын табуды үйренеміз, жас ұрпақтың табиғаттың ластануымен күреске қандай үлес қосқысы келетінін ойластырамыз. Мен ұйымдастырушыларға қызықты тренингтер мен воркшоптарұйымдастырғандары үшін ризамын, онда бізсыныптастарымызбен көп жаңа нәрсемен таныс болдық», - дейді жоба жеңімпазы Дильшат Ришат.

Бөлісу: