Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды

21 Тамыз 2022, 05:39 927

Қаланың 14-шағын ауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды, деп хабарлайды El.kz.

«19 тамыз күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынды», - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметінен.

11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген.

Бөлісу: