«Ақтау теңіз сауда портының» даму жоспары бекітілді

16 Маусым 2022, 10:43 2321

«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2032 жылға дейінгі даму жоспарын бекітті, деп хабарлайды El.kz Есеп комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылғы қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Даму стратегиясының жоқтығы анықталды. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға анықталған бұзушылықты жою жөнінде тапсырма берілген болатын. Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесі 2032 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітті, делінген хабарламада.





Бөлісу: