Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады

30 Маусым 2022, 15:56 1212

Ақтауға турист таситын чартерлік рейс алғашқы 100 жолаушыны жеткізген

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай арқылы аптасына 27 бағытта 152 рейс қатынайды. Соның ішінде 19 бағытта 62 рейс алыс және жақын шетелге ұшады. Сонымен қатар, туристік мүмкіндікті пайдаланып, жақын арада Башқұртстаннан чартерлік рейс келді. Алғашқы 100 адам қатынады. Бұған дейін туристер қалыпты рейстермен келетін. Ал мынау арнайы туристік бағыттағы чартерлік рейс болды», - деді облыс әкімі.

Бөлісу: