Ақтөбелік қарттарға көңіл бөлінді

18 Қазан 2018, 08:48 2213

Ақтөбе облысының қарттар мен мүгедектер интернат үйінде Рухани келісім күніне орайластырылған шара өтті.

Белсенді жастар, дін өкілдері, шіркеу қызметкерлері және де облыстың басқа да діни орталықтарының өкілдері қатысқан шарада қарттар үйін мекен еткен жандарға құттықтаулар жолданып, сыйлықтар табысталды, өнерпаздар ән мен күйден шашу тарту етті.

Жастардың сый-құрметіне, өнеріне тәнті болған қариялар ескі әндерді  қосыла шырқап, қошеметтерін білдірді.

Айта кетейік, 1992 жылы 18 қазан күні Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жарияланды

Бөлісу: