Ақтөбеде қаңғыбас ит-мысықты аулауға 51 млн қаржы бөлінбек

13 Маусым 2022, 15:28 2334

Ақтөбеде ит аулау жұмыстарына биыл 51 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Қазіргі кезде үш топ ит аулау жұмыстарымен айналысып жатыр,– деп хабарлайды El.kz ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, биыл қаңғыбас ит-мысықты аулауға және жоюға облыстық бюджеттен 51 млн теңгеден астам қаржы қарастырылды.

«Биыл Ақтөбе қаласы мен аудандарда 3 792 ит ауланып, жойылды. Бұл жұмыстар тек 2-наурызға дейін атқарылды. Аулау, жою жұмыстарына 9,8 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 2 294 бас ит ауланып, жойылды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы.

Кейін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң шықты.

«Заң ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң, яғниң шілде айында қолданысқа енгізіледі. 2022 жылдың 2-наурызынан бастап, бүгінгі күнге дейін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 15-бабы 4-тармағын басшылыққа алып, яғни, жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда, тұрғындардың, учаскелік полиция инспекторының шағымына сәйкес Ақтөбе қалалық ветеринарлық стансасы бүгінгі күнге дейін барлығы 754 бас итті аулады. Қазіргі уақытта ит аулаушы үш топ жұмыс жасап жатыр», - деді хабарлады Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы.

Бөлісу: