Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті

31 Шілде 2022, 05:21 1088

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жастағы жігіт қауіпті, шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен.

Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жастағы жігіт қауіпті, шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды. 

– Ақтөбеде сағат 19:30-да тағы да хабарлама түсті. Заречный-1 тұрғын алабындағы көпір маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға кетіп қалды. Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі де бір отбасының баласы,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, он күн бұрын Ақтөбеде бір тәулікте төрт адам суға батып кетті. Олардың денесін құтқарушылар жағаға шығарды.

Бөлісу: