Ақтөбеде корей әліпбиінің туған күнін атап өтті

16 Қазан 2018, 10:24 2570

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде корей алфавитінің туған күні – Хангыль мерекесі аталып өтті. 

Мереке қатысушыларына арнайы шебер сыныбын корей оқытушысы Л. Пак ұйымдастырып өткізді.

Аталмыш шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері,  корей жексенбілік мектебінің оқушылары, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар қатысты. Мерекелік шара барысында корей алфавитінің пайда болуына арналған деректі фильм көрсетіліп, каллиграфия сабағы өтті.

Кеш корей тілі жексенбілік мектебінің оқытушысы Л. Пакты марапаттау салтанаты мен Ақтөбе облысының Корей қауымдастығының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Шараны ұйымдастырушы – «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-сі.

Бөлісу: