Ақтөбеде банк менеджері шоттағы 777 млн теңгені ұрлап кетті

8 Қыркүйек 2022, 02:53 1000

Менеджер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтөбеде банк менеджері акционерлік қоғамның шотындағы 777 миллион теңгені ұрлап кетті. Ақтөбе қаласының №2 сотында іс бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Банк менеджеріне алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сотта сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады, бірақ келтірілген шығын мөлшерімен келіспеген.

Сотталушының кінәсі сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыны 10 жыл мерзімге банк саласында қызмет атқару құқығынан айырып, 6 жыл 8 айға соттауды сұрады. Сотталушының кішкентай баласы бар болғандықтан, сот жазаны жеңілдетті.

Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жылда банк секторында қызмет атқара алмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: