Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты

26 Тамыз 2022, 16:13 1021

Ұйымдастырушылар 18 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе қалалық №2 сотымен "Гарант 24", "Выгодный займ" және "ESTATE Ломбард" қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар 18 жылға бас бостандығынан айыруға, ал қатысушылар 6 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Аталған қылмыстық іс 2021 жылдың маусым айында сотқа жолданған болатын. Қылмыскерлер 17 000 қазақстандықты алдап, 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген болатын.

Бөлісу: