Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен украиндердің облыстық «Оксана» ұлттық-мәдени орталығы жаңажылдық «Встретим рождество вместе!» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
Ол арқылы этноорталық көремендерді украин халқының бай мәдениетімен және салт-дәстүрімен таныстыруды мақсат етті.
Мерекелік іс-шарада «Оксана» халық хоры мен «Ложкари» тобының орындауымен сүйікті украин, қазақ әндері шырқалып, «Барвинок» үлгілі балалар ансамблі украиндік полька биін орындады.