Ақтөбе облысының ҚХА әлеуметтік бағыттағы жастардың үздік стартап жобаларын анықтады

19 Сәуір 2019, 00:00 2402

«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Ақтөбе өңірлік штаб белсендері «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен 2019 жылға арналған «Жол картасы» аясында «Біз біргеміз» әлеуметтік стартаптар байқауын өткізді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, дарынды жастарды қолдап, шағын бизнесті жүргізуді үйретіп, жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, жастарды өз бетімен білім алуға ынталандыруды мақсат тұтқан байқауға студенттермен қатар жұмысшы жастар да ерекше белсенділік танытып, көп қатысты. Әсіресе Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы стартап академиясының мүшелері, түрлі колледж студенттері белсенді қатысты. Байқауға ұзын саны 60-тан астам өтінім түскен, оның 28-і қорғауға жіберілген.

Қазылар алқасының талқылауына шағын және орта бизнес, экологияны қорғау, сәндік-қолданбалы өнер, халық шығармашылығы және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау саласындағы стартаптар ұсынылған.

Байқау жеңімпазы болып Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Айдария Санаева «Экологические сумки» жобасы танылды. Аталмыш жұмыс макалатурадан немесе целлюлозадан тез ыдырайтын пакеттердің пайдасына полиэтилен пакеттердің бас тартуына негізделген.

Сонымен қатар, жүлделі орындарға Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенті Асылхан Иманов пен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Салтанат Орманова ие болды. Мысалға, А. Иманов форум қатысушыларына «Фитостена» жобасын ұсынды. Ол кешкі уақытта жарық түсірілген шөптің ерекше сорты өсетін тік панель салып, оны классикалық музыкамен сүйемелдеу мүмкіндігі қарастырылған. Фитостена мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Олар экологиялық фитостенаны күтіп-бағып, табиғи балғындық және емін-еркін босаңсып, жайбарақат демалуды көздейді. Аталған жоба «Ақтөбе облысының сал ауруына шалдыққан азаматтар қоғамы» қоғамдық бірлестік мүшелерінің қызығушылығын тудырды.

С. Орманова болса әділқазылар алқасына «Ешкі сүті» стартапын таныстырды. Оның мәні сүтті ешкі тұқымдарын өсіру және одан әрі дайын өнімдерді балалар мекемелеріне жеткізу болып табылады.

Барлық жұмыстарды қарастырып, талдай келе, сараптамалық кеңестің төрағасы, «Адалдық алаңы» қорының өкілі Марал Гильманов «Біз көптеген жобаларды қарастыра келе, олардың кейбірінің әлі де болса егжей-тегжейлі пысықталмағанын, көбісінің эконолмикалық негіздемесі мен қаржылықы сметасының толыққанды жасалмағанын аңғардық. Дей тұрғанмен де, жастардың қиялының ұшан теңіз, экономиканың түрлі салаларындағы бағыттардың келешегін болжай алатындарына таң қалып отырғанымызды жасаыра алмадық. Жастар жылындағы Ассамблеяның осы бастамасы талантты жастарды анықтап, олардың белсенділігін қолдап, қолпаштауға өзіндік әсерін тигізуде. Осындай байқауларды неғұрлым көп өткізген дұрыс», – деп пікірін білдіріп, байқаудың жұмысын қорытты.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу: