Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының белсенділері ҚХА жастар қозғалысына мүшелікке енді

13 Қыркүйек 2018, 12:16 2902

Ақтөбе қаласында Мәртөк ауданының күндеріне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Біз қазақстандықпыз» деген атпен дөңгелек үстел өтті.   

Шара  алдында Мәртөк ауданының жастары мен «Жаңғыру жолы»  республикалық жастар қозғалысының мүшелері «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Дөңгелек үстелде Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Утаралина, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы А.Абуов баяндамалар жасап, Мәртөк ауданының белсенді жастарынан А.Акейкина алғыс сөз айтты. Іс-шара соңында Мәртөк ауданы жастарының белсенділерін «Жаңғыру жолы» ӨШ РЖҚ жастар қозғалысына мүшелікке қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Бөлісу: