21 Тамыз 2014, 09:57
Бұл ол кездегі талай ұлтта əбден дамыған маңызды кəсіптердің бірі болды. Адам аз, жер кең ол заманда табиғат дүниесі бүгінгідей бұзылмаған, жануарлар əлемі мыңғырған күйде болатын. Күнделікті тіршілік үшін де, соғыстық азық-ауқатқа да аңшылық, саятшылық, аушылық қатты ес қататын. Оның үстіне Үйсін ұлысы тұрған Жетісуды кіндік еткен мекен мұндай ресурсқа тіптен бай-ды. Бұл тұстағы соғысқа аттанған қалың қол үшін ер азығы жолдатын. Тұнияздықтардай, қосарға ат алса да, азыққа тым көп мал айдамайтын.
Аңшылықтың жеке, топтық жəне қаумалап (ұлық ау) түрлері Үйсіндерде кең етек алды. Мұның сонау сақтар кезінен келе жатқан шаруашылық екені бұл даладағы петроглифтерден айқын байқалады. Не не жыртқыш аңдар бар олкезде аңшылық, саятшылық үшін көбінесе жүйрік ат, ұшқыр тазы, қыран құс, мықты қару қолданылған секілді. Петроглифтерден садақ пен сүңгі жиі көрінеді. Илин Сегалдың: “Жебе жасауға адамдар неше мың жыл уақыт жұмсады. Бастабын- да садаққа жебе істетпеді, қайта сүңгіні (дұрысы жыданы. -Ш. А.) пайдалан- ды. Соған орай, ол кезде садақты адам бойындай қып өте үлкен жасады” дегенінің жаны бар секілді. Алайда біз сөз етіп отырған заманда –петроглифтер түсірілген кезден 6-7 ғасыр өткен дəуірде үйсіндердің қару-жарағы замандастарынан қалыспайтын деңгейде мықтап дамыған болатын. Олардың садақтары өте серпімді, жебе масақтары недəуір үшкір, жақ тарту техникалары көп көтерілгенді. Сүңгі мен найза да мықты қару саналатын. Мал бағуға төбеттерді, аң аулауға тазылар мен қыран құстарды салатын. Бұл бүгінгі қазақтарда мықтап жалғасуда жəне ондық қоғамдар да бар.
Өз аумағында үлкен дариялар мен көлдер болғасын, үйсіндерде тіршілік үшін аушылық та болды дегіміз келеді. Алайда балыққа, ауға, қайыққа байланысты деректер əзірше кезіге қойғаны жоқ.
Сауда-саттығы. Үйсін ұлысы Ұлы Дала жібек жолының өткелінде тұрғандықтан, өз заманына сай сауданың да базары болды дей аламыз. Оның үстіне қасындағы Соғды елі саудагерлері көп, саудаға шебер болғандықтан сынықтан басқаның бəрі жұғатыны рас. Үйсіндер Жетісуды кіндік еткен өңірге келуден бұрын Боғданы кіндік еткен аумақта (Тəңіртау мен Алтай арасында) тұрды дедік. Таулы Алтай өлкесін ерте темір дəуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық мəдениеті (б. з. б. VI - III ғасырлар), Еуразия археологиясындағы ерекше құбылыс саналған, “кезінде Руденко бұл мəдениеттің бүгінгі жалғастырушылары осы күнгі қазақ, қырғыз халықтары деген”, К. Ақышев, т. б. ғалымдар сақ мəдениетінің бірі деп, ал өзге ғалымдар байырғы түріктердің мəдениетіне жатады деп есептеген. Пазырық - патша обаларындағы “көп шыққан қыш-ежір ыдыстар, алтын зейнет бұйымдар, өте-мөте Қытайдың торғын-торқасы мен басқа да кездемелер, жады (нефрит, jade, қастас) бұйымдар, сырлы дүниелер, қола нəрселер, т. б. сол тұстағы Алтай сахарасында сауда мен айырбастың төтенше дамығанын, Қытайдан Алтайға, Орта Азияға баратын жібек жолы əлдеқашан ашылғанын бейнелейді”. Бұдан ғасырлар аттағасынғы Үйсіндердің, батысы мен оңтүстігі түгіл, қиырдағы Қытаймен де дипломатиялық – құдандалық байланыс орнатқандығы үшін, ол жақтармен саудасы, айырбасы тіпті қызды дей беріңіз.