АҚШ Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді

20 Маусым 2022, 15:14 2803

АҚШ Қазақстандағы саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру бағытындағы реформаларға қолдау білдірді, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Америка Құрама Штаттары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі реформаларын толық қолдайды. Сондай-ақ 5 маусымда өткен референдумды осы бағытты ілгерлетудегі кезекті қадам ретінде бағалайды. Біз Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудың, ашық және халық үніне құлақ асатын институттар құрудың, сондай-ақ дербес азаматтық қоғаммен бірлесіп адам құқықтарын қорғау саласын күшейту үшін көмектесуге дайынбыз», - делінген АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зеян жолдаған хатта.

Узра Зеян хатты ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханға жолдаған. Құжатта АҚШ демократиялық, жауапты және есеп беретін мемлекеттік басқару жолындағы диалогты жалғастыруға тілектестік білдірген.





Бөлісу: