АҚШ-та және Еуропа елдерінде қоғаммен байланыстың алғашқы даму сатылары

26 Қараша 2015, 05:14

АҚШ-та және Еуропа елдерінде қоғаммен байланыстың алғашқы даму сатылары

Қоғаммен байланыс ХХІ ғасырдың жоғары сұранысқа ие кәсіптерінің бірі. Алайда, оның тарихы әлдеқайда ертерек басталады. Бүгінгі санымызда АҚШ-та және Еуропа елдерінде қоғаммен байланыстың алғашқы даму сатылары туралы сөз қозғаймыз.

 

Америка Құрама Штаттары. Саяси PR науқандары тарихындағы ең сәтті де алғашқы операция ретінде XVIII ғасырдағы Америка Құрама Штаттарында «Паблиус» немесе «федералистердің хаты» саналады. Ал ХІХ ғасырда баспасөз агенттіктерінің пайда болуына байланысты бұл кезеңді «паблисити дәуірі» деп атауға болады. Ірі қалалардың пайда болуы, халықтың көп қоныстануы, сауаттылықтың артуы газет оқырмандары аудиториясының кеңеюіне себеп болды. Баспасөз қызметі немесе жұртшылықпен байланыс  бөлімдері әр салада қажеттілікті туғызды.

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында ең алғашқы кәсіби баспасөз хатшысы ретінде АҚШ президенті Э.Джексонның көмекшісі болып бұрынғы репортер  А.Кендалл сайланды. Ол президенттің көпшілік алдында сөйлейтін сөздерін жазып, саясатқа да өзінің ықпалын тигізді. Сонымен қатар А.Кендалл ірі корпорациямен болған ақпараттық қақтығыста басшысының жеңіске жетуіне көмектесті және Э.Джексонның имиджін нығайтуға әрекет жасады.

1861-1865 жылдары аралығында АҚШ-та болған Азамат соғысы, сонымен қатар Кубамен болған соғыс баспасөздің жұмысын жеделдетіп, оның жұмысы мен әдістерін жетілдірді.

ХХ ғасырда Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Қоғамдық ақпараттық комитеті ( «Крил комитеті» аталды – комитетті журналист Д.Крил басқарды) құрылды. Аталмыш комитет  журналистермен жұмыс жасап қана қоймай, Айви Ли мен Эдуард Бернайз сияқты ПР қайраткерлерін өздерінің қызметтеріне жұмылдырды. Бірінші дүниежүзілік соғысы жылдары билік органдары мен халық арасындағы ақпараттық қарым-қатынастың дамуына түрткі болды. Баспасөз мүмкіндіктерін пайдаланған және өз саясатында оны пайдаланған алғашқы саяси қызметкер Ф.Рузвельт болды. Ол әрдайым баспасөз мәслихаттарын өткізіп, бейресми интервьюлер ұйымдастырды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та билік органдарының қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі мен басты ұстанымдары қалыптасып үлгерді. Ең басты ұстаным: демократиялық елде үкімет өз жұмысы жайлы халқының алдында есеп беруге міндетті.

ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ Конгресі мен Президенті дүниежүзілік жұртшылықты ақпараттандыруға ерекше көңіл бөледі, яғни америкалық өмір қалпын насихаттау және АҚШ-тың барлық салада жеткен жетістіктері жайлы бар әлемге дәріптеу.  [2]

Пиардың алғашқы даму  сатыларын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1.Американдық бастама. Бұл Скотт Катлиптің пікірі бойынша Солтүстік Американың тәуелсіздік үшін күресі кезеңінде  пайда бола бастады (1775-1789). Бұл кезде қоғаммен байланыс саяси салада дамыды. Тарихтың кейінгі кезеңінде тәуелсіздік үшін болған американдық революцияның басында Самюэл Адамс, Томас Пейн, Бенджамин Франклин, Александр Гамелтон мен Томас Джеферсон тұрды.Олардың барлығы ауызша және жазбаша түрде сол кездегі қоғамға қатты әсер ете білген.Олар памфлеттерді таратып,баспасөзде сөз сөйлеген,секция оқып, мінберден бүкіл жұртшылыққа өздерінің революйиялық ойлары мен көзқарастарын жеткізген.[3] Тәуелсіздік үшін күрескерлер олар мойындайтын жалғыз басқару формасы-демократияның беделінің төмендеуіне алаңдаулы болды. Халық саяси қақтығыстарға немқұрайлы қарады,Англиядан бөлінуді қолдайтын мықты оппозициялық қозғлыс та белең алды.Тәуелсіздік жақтастарына қоғамдық пікірді өздеріне аудару үшін көп күш-жігер қажет болды.Олар шабуылдаушы әрекеттері кезінде халықтың қолдауына ие болудың жолдарын назарда ұстап отырды.

Ол үшін әртүрлі үгіт-насихат құралдары пайдаланылды: пресс-бюллетеньдер,газеттер,лозунгілер,митингілер,поэзия,әндер,комикстер және т.б.

Тәуелсіздік үшін күрескерлерге қоғамдық пікірді өзгерту үшін үздіксіз халықты үгіттеп,өздерінің көзқарастарын насихаттап отыруға тура келді.Олар болып жатқан оқиғаларды өздерінің пайдасына шешу үшін ешқандай мүмкіндікті жібермеді.Оған бір мысал:1770 жылы 5 наурызда  көшедегі қақтығыс кезінде Бостонның 5 тұрғыны қаза табады.Американдық пресса бұл жағдайды варварлық акция деп атап,ағылшын әскерилері ұйымдастырған «Бостондық қырғын» ретінде көрсетті. «Бостондық шай ішу»( Бостонское чаепитие) жалған ақпаратты ұйымдастыру мен прессаны сол мақсатқа пайдаланудың мысалы бола алады.Үндістер болып киініп алған американдық патриоттар тобы британдық кемеге еніп,шай тиелген жүктерді теңізге лақтырған.Осылайша олар қоғамның көңілін аудара білді. Эдвард Бернейз  «Кристаллизуя общественное мнение» атты кітабында американдық тәуелсіздікті құрушылардың қоғаммен байланыс орнату қабілетін жоғары бағалайды.Осылайша,АҚШ-тағы,яғни жалпы алғандағы пиардың алғашқы даму сатысында іс-әрекеттің барлығы саяси үгіт-насихат процесіне бағытталды.

2.Екінші тарихи кезең паблисити кезеңі болып табылады(1810-1900).Американың  батысы жедел қарқынмен игерілді,өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық дағдылары өзгерді:үлкен қалалар пайда болды,жеке секторда ақша айналымы жүріп отырды,қазіргі кездегі зерттеушілердің пайымдауынша,демократияға қауіп төндірген алпауыт корпорациялар қалыптасты.Американың экономикалық өміріндегі бұл кезең еркін кәсіпкерліктің көтерілуімен байланысты. 20-30 жылдары мемлекет ұлттық шаруашылықтың құрылуы мен елдің коммуникациялық желілерін дамытуға көмек көрсетті.Дәл осы кезеңде президент Джексонның мемлекеттік реттеу мен президенттік билікті нығайтуға ұмтылуының  кесірінен кәсіпкерлердің мемлекетке деген сенімсіздігі өсе түсті.(20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында Джексон АҚШ-тың президенті болды.Ол бұрын журналист болған,алғаш рет тарихта президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған А.Кенналдың айтуы бойынша жүзеге асырылып отырған қоғамға шебер әсер етуінің арқасында жұмысын жақсы атқарған).

Осы кезеңде сауатсыздықты жою үшін алғашқы мектептер ашылды.Өсіп келе жатқан сауаттылық деңгейі газет-журналдардың таралымын көбейтті.1830 жылы АҚШ-та басқа елдермен салыстырғанда газет атралымы әлдеқайда көп болды.Прессаның кең көлемде таралуы жаңа мамандықтың,пресс-агенттердің,пайда болуына алып келді.

Америка әдебиетінде баспасөз делдалдары ретінде бұрынғы журналисттерді жалдап отырған кезбе цирктар мен театр труппалары қабылданып отырған.Олардың міндеті жақсы пресса мен кассаны қамтамасыз ету болатын.Кезбе цирктың басшысы,Бранум,талантты пресс-агент болған.Оның пікірінше халыққа тек солар қалайтын дүниені ғана тарту керек. Барнум қоғамды алдаудың ерекше тәсілін қолдануының арқасында Америкада белгілі тұлғаға айналды.Көпшіліктің назарын аудару үшін ол қаранәсілді бұрынғы  күңді 160 жаста және 100 жыл бұрын ол Джордж Вашингтонның күтушісі болған деп көпшіліктің алдына шығарған.Уақыт өте келе бұл күңге деген қызығушылық өше бастағанда,Барнум басқа біреудің атын жамылып,осы оқиғаға байланысты фактілердің растығын дәлелдеп,газеттерге хат жазған.

Пресс-агенттіктер бірінші кезеңді іс жүзінде жүзеге асырды.Бұл кезеңде прессаның арқасында ұйымдардың өзіндік ойларын,тауарларын,қызметтерін нарыққа енгізіп басқарып отыруына мүмкіндіктері туды.Қоғаммен байланыс жүйесі бәсекелестік күресте,ұйымдар арасындағы қатынаста,өнеркәсіпте маңызды роль ойнай бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап бүгінгі күнге дейін қоғаммен байланыс саласының дамуына әсер еткен факторлар төмендегідей:

1950-1970 жылдардағы «компаниялардың философиясы» концепциясының пайда болуы мен дамуы;нарықтың ұлғаюы,нәтижесінде көпқырлы саясат пен қызығушылық танытқан қоғамның шеңберін кеңейту қажеттілігінің туындауы(1970-1990 жылдар);1990 жылдардағы бұқаралық ақпарат құралдарының технологиялық дамуының күшеюі;бұқаралық коммуникация жүйелерінің жолға қойылуы,саяси әсер етудің жаңа жолдарының шығуы,XXI ғасырға аяқ басар тұста идеологиялық стереотиптердің өзгеруі.

Негізінде XX ғасырдағы қоғаммен байланыс саласының даму сатылары мен ерекшеліктерін былайша көрсетуге болады:

1.XX ғасырдың басы. XIX соңы мен XX басында бақылаусыз өнеркәсіптік өсімнің кезеңінің аяқталғанын атап өту керек,күшті экономикалық дағдарыстар жұмысшыларды қиын жағдайға алып келді. Нәтижесінде елде наразылықтар өсіп,корпорациялар мен монополиялардың билігіне қарсылық күшейеді.Американың қоғамдық өміріндегі бұл кезең монополиялар мен шенеуніктердің айналасындағы көпшілік дау-дамайлармен тығыз байланысты болғандықтан"The muckraking arca"немесе «Қуырылған фактілер кезеңі»деп аталады.

2.1914 жылдың соңы мен 1940 жылдардың соңы «Қоғаммен байланыс»саласының АҚШ-тың,Англияның,Британ Достастығы елдерінің жекелеген өндірістік компаниялары мен үкіметтік мекемелеріндегі әлеуметтік коммуникацияның ерекше саласы ретінде пайда болуы мен дамуы атауына ие болып отыр.Бұл пиардың кәсіби және ғылыми тәртіп ретінде құрылу кезеңі(1920-1940 жылдар).

3.Келесі кезеңді Америкалық зерттеушілер пиар тарихын өз елдеріндегі үкіметтік және үкіметаралық дағдарыс арқылы қадағалап отыруға бейім болып келеді.Олар пиардың интенсивті дамуының келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді:бірінші дүниежүзілік соғыс,үлкен депрессия мен жаңа бағыт,екінші дүниежүзілік соғыс,Корей соғысы,Вьетнам соғысы,Панамаға басып кіру,Парсы шығанағындағы соғыс.

Еуропада дамып келе жатқан пиар саласы американдық үлгінің күшті әсерінің астында болды.Бірақ соғыстан кейін еуропада пиардың ғылыми мектептері біртіндеп қалыптаса бастады.

4. Пиардың дамуының қазіргі кезеңі,бірқатар зерттеушілердің пікірінше,1965 жылдан басталып қазіргі кезеңге дейін жалғасуда.С.Катлип бұл кезеңді «жалпы ғаламдық ақпарат»деп атаған.

Еуропа елдері. Еуропа елдерінде жекелеген ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану  көріністері ХІХ ңасырда пайда бола бастады.  Еуропада ең алғашқы баспасөз хатшысын 1809 жылы Британияның жергілікті қаржы мекемесі пайдаланды. Ал Германиядағы Круп компаниясы әлемге танымал болу үшін «псевдо жағдайды» құру технологиясын пайдаланды. Бірінші дүниежүзілік соғысы үкіметтік елдерде коммуникациялық технологияларды пайдалануды жандандыра бастады. Алайда, қоғаммен байланыс Еуропада әлеуметтік институт ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптаса бастады.

 Еуропалық пиардың отаны ретінде Ұлыбритания саналады. Ұлыбританияда ең алғашқы қоғаммен байланысты бсқару құрылымдары пайда болды. 1854 жылы Ұлыбританияның пошт министрлігі өздерінің жұмысын халыққа түсіндірудің қажеттілігі туралы хабарлайды. Паблик рилейшнз қызметінің саласы Ұлыбританияда Бірінші дүниежүзілік соғысы жылдары белсенді түрде қалыптасады. Үкімет PR-технологияларды зейнетақымен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау бағдарламалары мен тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешуде өздерінің саясаттарын халыққа түсіндіру мақсатында қолданады. 1918 жылы карол жанындағы баспасөз хатшысы лауазымы бекітіледі. Ұлыбританияның еуропалық елшіліктері мен министрліктерде баспасөзбен байланыс орнататын өкілдері пайда болады.

1926 жылы Маркетинг бойынша империялық басқармасы құрылады. Ұлыбританиядағы ең алғашқы пиар науқандарының бірі ретінде Маркетинг бойынша империялық басқармасының өнімдерін ( жемістер, тамақтар) жылжыту науқаны саналады. Науқанды Стефан Таллентс мырза басқарды. Ол кинофильмдер мен плакаттарды қолдынып, көрме ұйымдастырады. Науқан сәтті жүзеге асырылып,  компаниянықмол табысқа кенелтеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталар алдында жергілікті басқару мекемелерінде қоғаммен байланыс басқармасының өкілдері жұмыс істесе, әлеуметтік саясатпен айналысатын барлық министрліктерде қоғаммен байланыс басқармасының арнайы құрылымдары  құрылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін PR-дың одан әрі дамуына үлес қосатын мамандардың пайда болуына әсер еткен Әскери ақпарат министрлігі құрылады. Соғыстан кейінгі жылдары мемлекеттік басқару саласы мен коммерциялық емес бөлімдерде PR-дың қарыштап дамуы байқалады. Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияда бизнес саласы ретінде консультациялық  PR­-қызметі пайда болады.

Содан кейін PR ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасады. Паблик рилейшнз Институтының (Institute of Public Relations in Britain) құрылуы 1948 жылы Британиялық PR тарихында алтын әріптермен жзылады. Институттың бірінші президенті болып Стефан Талленс белгіленді. Ұлыбританиядағы паблик рилейшнз Институты академиялық дайындық пен кәсіби түрде шыңдалудың орталығы болды. Ал 1969 жылы Ұлыбританияның PR- консультанттар қауымдастығы (PRCA) құрылады

Паблик рилейшнз Халықаралық қауымдастығын ұзақ жылдар бойы басқарған және дүниежүзіне танымал кітаптың авторы – Сэм Блэк. Оның «Паблик рилейшнзге кіріспе» немесе «Паблик рилейшнз. Ол не?» кітабы орыс тіліне аударылған болатын. 1990 жылы 65000 тиражбен талған бұл кітап пиар туралы хабары жоқ адамдарға өз пайдасын тигізді және Сэм Блэктің бұл кітабы жаңа мамандықты игеруге жол ашты.

Еуропаның әр түрлі елдерінде қоғаммен байланыстың даму барысының ең жарқын үлгісін Франциядан көре аламыз. Францияда еуропалық пиар негіздерінің қалауына үлес қосқан көптеген тұлғалар бар. Еуропалық пиар теориясының атасы ретінде Люсьен Матра саналады.

Францияда пиардың пайда болу тарихының өзі қызық. 1924 жылы америкалық мамандардың тобы PR-агенттік құру үшін Парижге келеді. Алайда француздар америкалықтардың ұсыныстарынан бас тартып, олардың бірінші әрекеттері сәтсіздікке ұшырайды.

PR теоретигі мен практигі Жак Ку де Фейак Франциядағы пиардың даму тарихын кезең-кезеңге бөледі.

Бірінші кезең – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдық. Ірі компаниялар мен банктер жағымды қоғамдық пікірді қалыптастыру қажеттілігіне мұқтаж болды. Алайда ол кезде мұндай міндеттерді журналситер атқарды.

1950 жылы Парижде «Әйнек үй» клубының бірінші жиналысы өтеді. Клубтың негізін қалаушылар ұйымның басты мақсаттары ретінде топ ішінде болсын, мемлекет көлемінде болсын адамдардың қарым-қатынасын жақсартуға байланысты әдістерді тәжірибе жүзінде іске асыру және үйренуді белгіледі.

Клубтың негізін қалаушылар атақты кәсіпкерлер мен үкіметтік депртаменттердің жетекшілері болды. «Әйнек үй» клубының құрылу Францияда пиардың айда болуын заңдастырды. Көп ұзамай Франциядағы паблик рилейшнз қауымдастығы пайда болады. Қауымдастық PR кеңесшілердің кәсіби кодексін қабылдайды.

Осы уақыт аралығында ірі компаниялар «ішкі қарым-қатынас» бөлімдерін құрады. Осындай бөлімді алғашқыладың бірі болып «Стандар франсез де Петроль» ашты. Оның өкілдері «Әйнек үй» тобының жұмысына белсене түрде қатысады.

50- жылдардың ортасы мен 70- жылдардың басы – Франциядағы пиардың екінші даму кезең. Бұл кезеңде компанияның бейнесін құруға және қоғаммен байланыстың кері байланыс орнатуға аса көңіл аударған.

60-шы жылдары профессор Шарль-Пьер Гильбо Сорбонна аясында жаң оқу орнын – Ақпараттық және коммуникациялық ғылымдардың жоғарғы мектебін (СЕЛСА) ашады. Алғашқы жоғары оқу орында практиктер мен теоретиктер және қоғамтанушылар қоғамдық маңыздағы қоғамдық пәннен сабақ беру үшін бірігеді. Көптеген ірі кәсіпорындар оқу орнын құру үшін қаражат бөледі.  

Сонымен қатар 60-шы жылдардың басында Ақпарат министрлігі пблик рилейшнз бойынша эксперт маманның кәсіби статусын белгілеу туралы шешім қбылдайды. Шешім бойынша мынадай анықтама беріледі: «Паблик рилейшнз бойынша кеіесші компанияның қызметкері ретінде есептеледі немесе тәуелсіз қызметкер ретінде әрекет жасайды. Оның негізгі мақсаты қоғаммен сенімді байланыс орнату құралын белгілеу және қоғамды кәсіпорынның қызметіне қатысты қызықтыратын барлық мәселелер жайлы ақпараттандыру. Паблик рилейшнз кеңесшісі тарататын ақпарат міндетті түрде фактілерден құралу қажет. Ол ақпаратты тарату барысында үгіт-насихат пен коммерциялық жарнаманы білдіретін сөздерді қолданбау керек».

1965 жылы президентті сайлау де Голляның арқасында телевидениені, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді, сарапшылардың консультациялық қызметін белсенді қолданды. Сол кезден бастап телевидениені сайлауалды жағдайлардың орталығы болып саналды.

70- ші жылдар мен 90- жылдардың басы – үшінші кезең. Нарықтың дамуы және қоғамның қызығушылық өрісінің кеңеюі қоғаммен байланыс дамуының жаңа масштабын анықтап берді. Осы кезеңде пиар туралы көптеген теоретикалық еңбектер  шыға бастады. Мысалы, Ғылыми зерттеулер орталығының директоры Доменик Вольтонның «Коммуникация және саясат» еңбегі.  

1970 жылы «Күннен Жерге дейін: Сан-Гобэнныің тарихы» атты публицистикалық жұмыс жазылады. Бұл ірі компанияның корпоративтік құндылықтарын ашып жазған ең алғашқы тәжірибелік жұмыс. Компанияның тарихын жазып, ол туралы аңыз құру ірі бизнес саласында танымал бола бастады. Франциядағы корпоративтік публицистика Америкаға қарағанда қоғамдық дамуға жағдай жасау мәнмәтінінде жазады. Осе кезеңде лоббизмді легитимизциялау болды. Лоббизмнің француздық нұсқасы бойынша бірінші кезекте билік өкілдерін ақпараттандыру болса, ал содан кейін ғана оларға қысым көрсету жатады. Француздық индустриалдық топтар аудиовизуалдық құралдарға қызығушылық  таныта бастайды.

Саяси пиарда өзгерістер орын алады: мысалы, кандидаттардың жеке өмірі жайлы ақпараттар пайда пайда болады, кандидаттар мен сайлаушылардың арасы жақындай түседі. 1974 жылы Францияда алғаш рет президенттікке үміткерлердің арасында теледебаттар өткізіледі.

90 – жылдары – төртінші кезең. Бұл кезеңде коммуникациялық технологиялар мен бизнестің интернационалдандырудың қарыштап дамыған шағы. Кәсіби сөздік қорға «оқиға инженериясы» түсінігі енеді. Арнайы оқиғаларды құру қызметі сала бойынша пайда болады, және осы қызметке мамандандырылған агенттіктер өз қызметтерін бастайды. Негізгі тірегі ретінде демеушілік пен қамқор көрсетушілік болып саналады. Мысалы, 1996 жылы «Кока-Кола» компаниясы Лувр музейінде «Өнер немесе жарнама» атты көрме ұйымдастырады. Көрмеге қоғамның назарын аударатын VIP-тұлғалар, өнер қызметкерлері келеді. Көрмеден түскен қаражат белгіленген қайырымдылық шараларына пайдаланады. Ал 1991 жылы Француздық лоббизм кеңесшілерінің қауымдастығы құрылады. 1995 жылы елде транспорт саласында дағдарыстың орын алуына байланысты көтерілістер болады. Сондықтан дағдарысқа қарсы пиардың әдістері мен тәсілдері дайындалады. Саяси пиар дамиды және ол масштабты қаржыландыратын сала болды. Сонымен қатар арнайы мамандандырылған агенттіктер пиарды қолдана бастады.

Компаниялардың бірігуі нәтижесінде PR-агенттіктердің кеңею үрдісі басталды. Агенттіктер жүйесі мен холдингтер құрылады. PR-агенттіктердің тәжірибесі бірте-бірте әлемдік PR нарығының өлшемдері мен талаптарына сәйкес келе бастады. Консалтингтік компанияның Синдикаты – PR нарығында сертификаттаумен айналысатын Синтек PR (Centec PR) өз жұмысын бастады.

Неміс зерттеушілері Германияда PR-дың қалыптасуын Германия Федералды Республикасындағы оқу орнымен байланыстырады. Германияда 1949 жылы Федералды баспасөз қызметі құрылады. Үкімет елдегі азаматтармен байланысын нығайту мақсатында шаралар қолданады.

50-жылдары Еуропада пиарды белсенді түрде институционалдыру жүзеге асып, халықаралық және ұлттық бірлестіктер құрылады. Сонымен қатар осы жылдары Белгияда, Ирландияда, Швейцарияда, Германияда ұлттық қауымдастықтар пайда болады. 

1955 жылы PR бойынша халықаралық қауымдастықтың (IPRA) жылы ретінде тарихта белгіленді. Осындай тарихи оқиға Лондонда орын алды. Ал  1959 жылы Еуропалық PR конфедерациясы (CERP) құрылды. Аталмыш кәсіби ұйымдар өркениетті қоғаммен байланыстың дамуына өз үлесін қосты және қазіргі таңда да өз қызметтерін тоқтатпады.

60- жылдары –  еуропалық пиар саласының кеңейген кезеңі. Грецияда, Италияда және басқа да елдерде ұлттық кәсіби бірлестіктер өз жұмыстарын бастады.

Ал постсоциалистік елдердің территориясындағы пиардың дамуы туралы бөлек айтуға болады. Билік үшін жаңа саяси күштер арасындағы талас-тартыс, халықты бірлікке шақырып, оларды біріктіруге ұмтылытары мемлекеттік басқарма мен саясат саласында пиардың дамуына өз септіктерін тигізді. Постсоциалистік елдердің территориясына батыс елінің корпорациялары келіп, өздерінің PR мен жарнама саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Осындай жағдай Венгрияда, Польшада, Чехияда, Болгарияда, Латвияда кәсіби қауымдастықтар құрылуына және PR-нарығының қалыптасуына серпін берді.


Автор: Қаракөзайым КЕНЖИНА

Бөлісу: