Домбырада ойнап үйреніңіз! Дәріс №13

3 Тамыз 2020, 12:47 2202

Құрманғазының күйі "Ақсақ киік" 

Құрманғазының Ақсақ киік күйінің шығу тарихы:

Құрманғазы бірде Төремұрат, Нарынбай есімді нағашыларының еліне қыдырып барады. Ол нағашыларына еріп аңға шығады. Орағытқан киіктердің біреуін көздеген Құрманғазы: «киіктің қай жерінен тигізейін?» -деп сұрапты жанындағы жолдастарынан. Сонда оның нағышыларының біреуі «осы тигізе қояр дейсің бе» дегендей, «аяғынан» дей салыпты. Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап қаша жөнелсе керек. Оны қуамын деген жігіттерге Құрманғазы рұқсат етпейді. Өзі домбырасын алып, сол арада күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің қасына өзі барып: «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?» - деп сұрайды. Сонда Құрманғазы біраз кідіріп, күйінген кейіпте: «Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Жазықсыздық, қарусыздық тек онда ма? Талай жандар жазықсыз жараланып, ақсақ-тоқсақ болып қалмай жатыр ма? Атайын-ақ деп пе едім, сіздің мына жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты – «Ақсақ киік» болсын» депті.

EL.KZ
Бөлісу: