14 Мамыр 2016, 05:41
243 мың гектар егiстiкке жарамды жерлер әлi күнге дейiн қолдануға берілмей отыр. Екiншi мәселе, осы запастағы жерлердiң айналымқа қосылу динамикасы өте баяу деп айтуға болады. Осыдан он жыл бұрын запастағы жердiң көлемi, айталық, 108 млн болса, соның бар болғаны 8 миллионы ғана он жылда ауыл шаруашылығы айналымына қосылып отыр немесе әр жылда орта есеппен бар-жоғы 0,8%-ы ғана.
«Түзетулерге сәйкес, кадастрлық құнын 50 пайызға төмендету жеңiлдiктерi қарастырылған болатын. Сондай-ақ, он жылға бөлiп төлеу жеңiлдiктерi болды. Мысалы, Ақмола облысында ең құнарлы жерлердiң бiрi 24 700 болса, ал 10 жылға сатқан кезде бiр жылда төлейтiн құны 2470 теңге. Әрине, бұл тек қана Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана қаралған жеңiлдiк», - дейді А.Мырзахметов.
Жердi жалға беру, жеке меншiкке беру тек бүгiн ғана талқыланып жатқан шешiм емес. 1990 жылы Қазақ совет республикасындағы Кодекс бойынша үш жылға, одан кейiн он жылға дейiнгi мерзiмге жалға берiлген. 1995 жылы қабылданған Заңда ел азаматтарымен қоса, шетелдiктерге де жалға берудiң мерзiмi 99 жыл болған.
«Алты жылдай осы норма қолданыста болды. Бiрақ, осы уақытта шетелден бiрде-бiр адам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi 99 жылға жалға алған жоқ», - дейді министр.