Ақмола облысының тұрғындары «Қазақтану» жобасымен кеңінен танысуда

23 Қазан 2018, 05:56 1594

Ақмола облысының тұрғындары Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстанда өмір сүретін түрлі ұлт өкілдері арасында қазақ халқының гуманитарлы және адамгершілік қағидаларын, салт-дәстүрлері мен тарихын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасымен кеңінен танысу мүмкіндігіне Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды және Шортанды аудандарының өкілдері ие болды.

ҚХА жобасын жүзеге асыруға негізделген «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ ұйымдастыруымен және ҚХАА-ның, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен тақырыптық іс-шара  Ақкөл қаласының №3 орта мектебі ғимаратында өткізілді.

Аудандардан келген түрлі этнос өкілдерінің алдында «Қазақтану» жобасы жөнінде сөз сөйлеген «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов аталмыш жобаның тұжырымдамасы жөнінде айта келе, қазақ халқының жоғары рухани-адамгершілік құндылықтары, ел тарихы туралы мәнді ойларға толы  ұлы Абайдың «Қара сөздерінен» мысалдар келтірді.

«Бес асық» ойыны бойынша Қазақстан чемпионы, Көкшетау қаласының №18 ОМ 11 сынып оқушысы Томирис Құсайынова ақкөлдік мектеп оқушыларына арнап шеберлік сабағын өткізді.  

ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова өзінің домбырадағы әсерлі ойынымен және жан тебірентерлік әнімен көрермен қауымның жүрегін жаулады.

Сонымен қатар аталмыш іс-шараға «Асық ату» ойыны бойынша бапкер Ақтөре Леспай, облыс орталығы мектептерінің оқушылары да белсенді атсалысты.

Бөлісу: