Ақмола облысының корей этномәдени орталығына 30 жыл

19 Желтоқсан 2018, 09:57 2579

Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орайластырылып Ақмола облысының корей этномәдени орталығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар басталды.

Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орайластырылып Ақмола облысының корей этномәдени орталығының 30 жылдығына арналған іс-шаралар басталды.

Алғашқылардың бірі болып «Чинсон» корей этномәдени орталығы» облыстық филармонияда «Қазақстан – біздің туған үйіміз» мерекелік іс-шарасын өткізді. Онда кәріс халқының тарихы, олардың елімізге қоныс аударғаны, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен белгілі тұлғалары туралы естеліктер айтылды.

Сондай-ақ Корей этномәдени орталығының қызметі жайлы баяндайтын тақырыптық көрме де ұйымдастырылып, орталықтың белсенді өкілдері мен оның құрылуына зор еңбек сіңірген тұлғаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. 

Бөлісу: