Ақмола облыстық БАҚ-ты ҚХА 25 жылдығын кеңінен жариялауға шақырды

24 Желтоқсан 2019, 12:18 2031

Көкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті.

Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева өз сөзінде клуб мүшелерінің назарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай өткізілетін іс-шараларды кеңінен, жоспарлы түрде жариялауға аударды.


Клуб мүшелері облыстық Ассамблеяның мерейтойлық жылдағы қызметі туралы журналистердің материалдары оқырмандар үшін жарқын, мазмұнды және қызықты болуы үшін жұмысты қалай дұрыс үйлестіру туралы пікірлерімен алмасты.

2020 жылы журналистер үшін фотобайқаулар, ҚХА қызметі туралы үздік жарияланым байқауы ұйымдастырылады.

Бұл жұмысқа аудандық, қалалық БАҚ-ты тарту, оларға этносаралық мәселелер бойынша өз жарияланымдарының тақырыбын кеңейту қажеттігі атап өтілді. Журналистер клубының жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі туралы кітап, фотоальбом, бейнебаяндар шығарылуы тиіс.

Бөлісу: