Ақмола ҚХА-ның Медиация Бірыңғай күні

6 Тамыз 2018, 09:56 2019

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда қоғамның бірлігін нығайтуға үлес қосатын әлеуметтік келісімнің ерекше моделі қалыптасты. Оның басты орталығы — Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұлтаралық өзара ықпалдастықтың тиімді институтына айнала білді.

Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні Ақмола ҚХА-мен «Қоғамдық келісім» КММ-де Республикалық Бірыңғай Медиация күні аясында кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен Ашық есік күні өткізілді.

Осы күні Көкшетаулықтарға зейнеткерлікке шыққан судья, кәсiби емес медиатор Ғайша Сыздықова,  ҚХАА жанындағы Аналар кеңесiнiң төрайымы Зере Қиықова, Кәсiподақ орталығы төрағасының орынбасары Ләззат Есжанова, кәсiби медиаторлар Ибрагим Клёнов,Науқан Қазбековтер кеңес берді.

Негізгі мәселелер жылжымайтын мүлік туралы сондай-ақ отбасылық және еңбек даулары болды. Медиаторлармен жұртшылыққа еңбек құқығы, әкімшілік, азаматтық және т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Өз мәселелерімен келген  адамдардың әлеуметтік құрамы әртүрлі болды: қызметкерлер, зейнеткерлер, кәсіпкерлер, үй шаруасындағы әйелдер. Бұл медиация институтына деген қызығушылықты, медиацияның халықтың барлық топтары мен әртүрлі жас буындары арасындағы қақтығыстарды шешудің балама жолы екендігін көрсетеді.

 

Бөлісу: