А.Байтұрсыновтың "Сауат ашқыш" кітабы турасында бірер сөз

28 Тамыз 2014, 03:48

«Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін». Кітаптың түпнұсқасында алғаш 1926 жылы Семейдің губернелік баспасынан жарық көргендігі жазылады.

 

 «Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін». Кітаптың түпнұсқасында алғаш 1926 жылы Семейдің губернелік баспасынан жарық көргендігі жазылады. Оқулық ересек үлкендерге арнап жазылғандықтан, дыбыс əдіс жолымен тəртіптелген. Мұнда əрбір харіптің тұсына атау сөз беріледе де, соңына осы сөздерге арнайы сөз тіркестерін қоса береді. Бір ғажабы, бұл туындыда ғалымның алғашқы «40 мысалы» сынды 40 тақырып қарастырылған. Тақырып «Торайғыр бидің тақпақтарынан» өріліп, «Қуанышты күн» деген Ғ.Сұлтанұлының шағын əңгімесімен аяқталады. Кітапқа Абайдың «Шырылдауық шегерткесі», Шорман жинағынан төрт танымдық əңгіме, Ы.Алтынсарин  кітабынан:  «Үш  мерген»,  «Жəнібек  батыр», «Қыпшақ Сейітқұл», Елдес Омаровтың «Қазақ салты» жəне «Дағдылы  жол  мен  айлалы  жол»,  Телжан  Шонанұлының «Күн» (Толстойдан), «Тамшының тарихы» атты аудармала- ры, Қыр баласының (Əлихан Бөкейханов) «Дүние қандай?» т.б. ауқымды тақырыптағы түрлі əңгімелер мен алуан өлеңдер топтастырылған. Жалпы саны 40 тақырып, оның ішінде 7 өлең, 2 аударма-тақпақ, 4 мысал-өлең, 25 əңгіме, 2 көркем аударма қамтылған.

А.Байтұрсынұлының көсемсөз шебері болғандығына, оның қаламынан шыққан сан алуан тақырыптағы мақалалалары айғақ. Ал 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда  шық- қан  «Қазақ»  газетіне  басшылық  етуі,  онда:  «Əуелі,  газет – халықтың көзі, құлағы əм тілі» деп бар күш жігерін жұрт жұмысыны арнағаны тарихтан белгілі. Жəне бұл төртінші билік саналып жүрген үлкен ілімге жататын сала. Ғалымның публицистикадағы ұлан-ғайыр еңбегін жинап, сұрыптап, жүйелеп, игеру – бүгінгі ұрпақтың келелі міндеті. Өйткені, ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген өзекті тақырып- тар əлі күнге маңызы зор. Қазақ жұртының ылқым заманнан арманы – ел басқару жүйесіндегі құжатнамадағы іс қағаздары тілін қазақшалау болатын. Бұл əлі күнге шешімін таппаған да- улы тақырып күйінде қалып отыр...

А.Байтұрсынұлының ең алғашқы мақалаласы орыс тілінде 1895 жылы «Тургайская газетаның» 39-санында жарияланғаны туралы мəлімет бар. Мақала «Казахские приметы и посло- вицы» деп аталады. Өкінішке қарай, бұл еңбек табылмады. Тарихи тұлғаның аяулы есімі ақталғаннан кейін 1989 жылы «Шығармалары (өлеңдер, аудармалар, зерттеулер)», 1991 жылы «Ақ жол (өлеңдер мен тəржімелер, публицистикалық мақалар жəне əдеби зерттеу)», 1992 жылы «Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)» атты таңдаулы жинақтары мен 1995 жылы «Айқап» журналы, 1998 жылы «Қазақ» газеті кітап болып қайта басылды. Бұл жинақтардың барлығы дерлік А.Байтұрсынұлының төл туындыларын төте жазудан қазіргі əріпке түсірумен құнды. Сондай-ақ осы кітаптар кейінгі басылымдарға бағыт-бағдар болғаны да анық. Мəселен, 1996 жылы «Жеті жарғы» баспасы- нан қаламгердің əр жылдары жазылған қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді көтерген Заң тақырыбындағы мақалалары топ- тастырылып, «Жаңа низам» деген атпен кітап болып шықты. Құрастырушысы З.Қыстаубайұлы, алғысөзі С.Өзбекұлыныкі. Осы кітапқа енген 21 мақаланың барлығы дерлік 1991 жылғы жинақтың «Көсем сөз» бөліміне кірген 43 мақаладан сұрыпталып алынғаны байқалады. 2001 жылы «Қазақ проза- сы: Хрестоматиясының» 2-томына да көсемсөздерінің «32»- сі  енген.  2005  жылы  «Раритет»  баспасынан  жарық  көрген

«Маса» жинағы ұлы тұлғаның ескірмейтін елшілдік ұран сөздерін топтастыра, 21 мақаланы қайта басқан. Кітаптың аңдатпасында: «Жинақ бұған дейін жарық көрген басыл- дармен салыстырылып, кезінде кеткен мəтіндік қателіктер түзетілді» деген ақпарат берілген. Кітапты 1991 жылғы басы- лыммен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмады, тек орналастыру реті ғана біршама мақала мазмұнына қарай топтастырылған.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Бөлісу: