А.Байтұрсыновтың "Оқу құралы" кітабы туралы

28 Тамыз 2014, 03:37

Бұл кітап алғаш рет 1912жылы Орынбордағы жарық көрген. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен.

Оқу құралы. Қазақша алифба. Бұл кітап алғаш рет 1912жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жолымен рет-ретімен беріледі де, əрбір харіптің тұсына таңбасы жəне сол таңбаның атауы жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй сай- мандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары жəне ас- тағамдармен қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші кітабы алғашқы əліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913 жылы шықса, «Əліппе – аста- ры» атты əліппеге жетекші құралын 1924 жылы жазылған. Оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет), 1923, 1925 жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі əріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл білімі институтының дайындауымен 1992-ші жылы жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді(Б. 33-47).

Сондай-ақ, Қырғыз республикасының филолог-ғалымы Дый- канов Карбоз өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы басы- лымын 1991 жылы 5000 данамен қайтадан бастырды. Кітап қаз- қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың əр жылдары жарық көрген барлық нұсқаларын тауып, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың сирек қорында бұл 1912 жылғы кітаптың қандай да данасы сақталмаған. Бұл оқулықтек Тіл білімі институтының мұрағатында ғана сақталса керек.

«Оқу құралы. Қазақша алифба». Бұл  оқулық  алғаш рет 1912 жылы Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа» деп  басталатын  «Тар- ту» атты өлеңін оқулықтың беташары ретінде берген. Кітаптың əріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай орналастырылған. Əрі қарай қазақ əріптері төте жазу жо- лымен рет-ретмен беріледі де, əрбір харіптің тұсына таңбасы жəне сол таңбаның атауы жазылады. Жəне төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни, нұсқаулығы қатар ұсы- нылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзынан-ұзын мəтіндер емес, қысқа əрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне лайық мəселен: Туысқан-туған атау- лары, тұрмысқа қажетті киім, үй саймандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары жəне ас-тағамдармен қатар дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Осы кітаптың сол тұста оқырман қажетін өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1914, 1921, 1922, 1923, 1925 жылдары дүркін-дүркін басы- лым көруі айғақ. Аталмыш кітап А.Байтұрсынұлының аяулы есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі əріпке түсіріліп, ҰҒА-ның   Тіл   білімі   институты   тарапынан   1992   жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Тіл тағылымы» атты жинаққа енді. Қырғыз республикасының ғалымы Дыйканов Карбоздың өз қаражатымен осы кітаптың 1914 жылғы ба- сылымы 1991 жылы 5000 данамен қайта жарық көрді. Кітап қаз-қалпында, яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың əр жылдарда жарық көрген барлық түпнұсқасын жинақтап, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық кітапхананың си- рек қорында бұл кітаптың ешқандай данасы сақталмаған.

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Бөлісу: